![«Boeing 777» ұшағы жолаушыларының туысқандарына өтемақы ұсынылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35874.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Malaysia Airlines» әуе компаниясының басшылығы «Boeing 777» ұшағында болған жолаушылардың бірде-бірі тірі қалмады деп мәлімдеді. Олардың туысқандарына ақшалай өтемақы ұсынылды, деп хабарлайды CNN.
«Malaysia Airlines» компаниясының «Boeing 777» ұшағы Үнді мұхитында құлағандығы жөнінде компания басшысы мен Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак хабарлаған болатын. Алайда халықаралық іздеу жұмыстары жалғаса бермек.
«Әуе лайнері жоғалып кетті, бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы тірі қалған жоқ», - делінген «Malaysia Airlines» хабарламасында.
Компания өз сайтында 17 күн бұрын MH370 рейсі бойынша жолға шыққан адамдардың туған-туыстарына көңіл айтады. Сонымен қатар, сайттағы хабарламада оларға 5 мың доллар көлемінде өтемақы төленетіндігі жазылған. Әуе компаниясы қосымша төлемдер жасауды көздеп отыр, деп хабарлайды CNN.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Boeing 777» ұшағы жолаушыларының туысқандарына өтемақы ұсынылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85414/)