![G-Global-да дағдарыстың алдын алу Жоспары қарастырылуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35935.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жақында G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақмерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасы» атты онлайн-конференция өтті.
Оған Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі коммитеттің атқарушы директоры Марк Узан қатысты. Сондай-ақ, жиын халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен өтті.
Демократиялық ұстанымдарға негізделген Жоспар қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді жолдарын табуға, сонымен қатар, болашақ құлдыраулардың алдын алуға бағытталған.
2013 жылдың 1 шілдесінен бастап, Жоспар белсенді түрде талқылануда. Осы уақыт аралығында G-Global порталын пайдаланушылар, олардың ішінде халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары, ҮЕҰ, іскерлер және ғылыми орта өкілдері, саясат және қоғам қайраткерлері 13 000-нан астам баяндама мен зерттеу жұмыстарын, 45 000 сараптамалық шолу мен түсініктемелер ұсынып, 300 бейне-конференция өткізді.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған Жоспардың жобасын Астана қаласында 2014 жылдың 21-23 мамыры аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция қорытындысы бойынша қабылдау жоспарлануда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=G-Global-да дағдарыстың алдын алу Жоспары қарастырылуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85475/)