![Инновациялық идеялар мен жобалар байқауы жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35941.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада жастар арасында инновациялық идеялар мен жобалар байқауы ұйымдастырылады. Өтініштер 5 сәуірге дейін қабылданады. Бұл туралы astana.kz сайтына Жастар саясаты мәселелері басқармасынан хабарлады.
Инновациялық идеялар мен жобалар байқауы жастар арасында үздік инноваторларды анықтау, олардың жобаларын қолдау және дамуына көмектесу, сондай-ақ, жас ғалымдар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру мақсатында өткізіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жеңімпаздарына жобаны инвестициялауға және оны жүзеге асыруға көмек көрсетіледі.
Байқауға: «Үздік инновациялық технология», «Үздік инновациялық өнім», «Үздік инновациялық идея» және «Балалар инновациялары» аталымдары бойынша 14-29 жастағы адамдар қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инновациялық идеялар мен жобалар байқауы жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85481/)