![Ақтөбеде Отырар қазынасының көрмесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35968.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Отырар мемлекеттік археологиялық мұражайы ұйымдастырған «Отырар тарихының ізімен» атты көшпелі көрме ашылды.
Көрмеде біздің дәуірге дейінгі I - XVIII ғасырлардағы Отырар қазбаларынан табылған бағалы жәдігерлер көрсетілді.
Оның ішінде үй әбзелдері, қапталған кірпіштер, зергерлік бұйымдар, күміс және жез сауыттар, алтын, күміс, жез тиындар, XIX-XX ғасырлардың этнографиялық жәдігерлері, шебер-зергердің аспаптары, бірқатар көне кітаптар бар.
Көрменің негізгі мақсаты екі өңірдің мәдени мекемелері арасындағы өзара қатынасты нығайту.
Көрме сәуірдің аяғына дейін жалғасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде Отырар қазынасының көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85508/)