![«Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ішкі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76093.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ішкі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізді.
«Бұған басты себеп - еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі. Халықаралық органға мүшелік етуіміз - бизнес саласында жаңа бастамаларға серпін береді», дейді одақ төрағасы Мейрам Пішембаев.
Сондай-ақ, жиналыс барысында ірі машина жасау кәсіпорындарының айналасында шағын және орта бизнесті дамыту жоспары талқыланды. Үйлестіру және бақылау кеңестерінің, басқарма және ревизиялық комиссияның құрамы анықталды.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ішкі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8551/)