![Қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен акция өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35970.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыда қазақ эстрада жұлдыздары Мейрамбек Бесбаев, Толқын Забирова, Бақтияр Тайлақбаев, Әлішер Кәрімовтің қатысуымен «Өз өміріңнің ұзақтығы - өз қолыңда!» атты акция өтеді.
Шара қалалық Денсаулық сақтау басқармасының «Денсаулыққа қарай 7 қадам» марафоны аясында ұйымдастырылып отыр.
Басқарма баспасөз қызметінің хабарлауынша, концерттік бағдарламадан кейін әншілер мен шараға келгендер №5 қалалық емханада профилактикалық тексеруден өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен акция өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85510/)