![Қазгидромет: Наурыздың соңғы күндері жауын-шашынды болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_35973.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазгидромет» РМК 29-31 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады. «Каспий теңізінің үстінде қалыптасқан, циклон, Қазақстанның батыс, орталық және солтүстік облыстары арқылы Батыс Сібірге қарай жылжиды.
Осы циклонның салдарынан жер-жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, тұман, екпінді желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ал 31 наурызда республиканың батысы мен солтүстігінде батыс желдің қарқыны 18-23 м/с, кей жерлерде 28 м/с күшейеді.
Осы циклонмен байланысты, атмосфералық фронттармен Қазақстанның оңтүстігінде 29-31 наурызда, оңтүстік-шығыс пен шығыста 31 наурызда күн бұлтты, жаңбырлы болып, жауын соңы шығыста қарға ұласуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет: Наурыздың соңғы күндері жауын-шашынды болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85513/)