![Мұхиттан табылған заттар «Malaysia Airlines» ұшағына тиесілі емес](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36012.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайлық және австралиялық кемелер Үнді мұхитынан тапқан қалдықтар «Malaysia Airlines» әуе компаниясының жоғалған ұшағына тиесілі болмай шықты, деп хабарлайды BBC Russian.
Куала-Лумпурдан Пекинге бағыт алған «Malaysia Airlines» ұшағы 8 наурыз күні радар экрандарынан жоғалып кеткен еді. Бортта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Кейін ұшаққа екі жолаушы жалған құжатпен мінгені анықталды.
24 наурыз күні Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак жоғалған ұшақ Үнді мұхитының оңтүстігінде апатқа ұшырағанын мәлімдей келе:
«Сараптамалардың қорытындысына сәйкес, мамандар «Boeing-777» ұшағының соңғы рет байланысқа шыққан жері Үнді мұхитының ортасы екенін айтады. Бұл Австриалияның Перт қаласының маңы. Мұнда ұшақтың қонуына ыңғайлы жер жоқ. Сондықтан, ұшақ Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде ұшуын тоқтатқан»,-деді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұхиттан табылған заттар «Malaysia Airlines» ұшағына тиесілі емес&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85552/)