![Париж қаласын алғаш рет әйел басқарады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36026.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Францияның социалистік партиясының өкілі Анн Идальго ел астанасының жаңа мэрі болып сайланады. Ол Париж шаһарын алғаш басқаратын әйел болмақ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Жексенбі күнгі ішкі істер министрлігі жариялаған жергілікті сайлау нәтижесі бойынша ресми мәліметтер осындай. Анн Идальго 53,5 пайыз дауыс жинап, қарсыласы – оңшылдар партиясының үміткері, бұрынғы министр Натали Костюшко-Моризеден 10 пайыз артық дауыс жинады.
Анн Идальго көптеген жылдар бойы Париж мэрі Бертран Деланоэның орынбасары болды. Ол бұл қызметті 2001 жылдан бастап атқарып келді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Париж қаласын алғаш рет әйел басқарады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85566/)