![Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспортер елдің бірі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76102.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Үдемелі индустриялық-инновациялық» бағдарламаның аясында, 5 жыл ішінде 1 мыңға таяу кәсіпорын ашылған. 180 мың адам жұмыспен қамтылды.
Осындай зауыт-фабрикалардың салынуының арқасында, Қазақстанда дайын өнімнің, әбден өңделген тауардың 205 түрі пайда болған. Еліміз 119 мемлекетке өзінде шығарған тауарын экспорттай бастады.
Шетелге өнімін экспорттап отырған кәсіпорынның бірі - Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауыты.
Бұл мекеме шығарған өнімінің 70 пайызын сыртқа сатады. Былтыр зауыт 1 миллион 200 мың аккумулятор шығарды. Биылғы меже - 2 миллион дана.
Қазақстан қазір шикізат өндіруші елден, дайын өнім шығаратын мемлекетке айналып келеді. Соңғы 5 жыл еліміздегі өндіріс ошақтары 1 миллиард доллардың затын шетелге экспорттаған.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экспортер елдің бірі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8570/)