Жалпықалалық сенбілікке шығасыз ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпықалалық сенбілікке шығасыз ба?

22.04.2014
Жалпықалалық сенбілікке шығасыз ба?
Тазалық – денсаулық кепілі. Көктем аяқталар шақта елдің түкпір-түкпірінде жаппай сенбіліктер ұйымдастырылып, шаһарды көгалдандыру, тазалау жұмыстары қолға алынады.
 
Бұл күні басшы біткен костюмдерін жұмыс киіміне ауыстырып, қолына кетпен-күректерін алып, қала тазалығына бір кісідей атсалысуға тырысады.
 
Мұндай шараның  тәрбиелік мәні зор. Себебі, әкім-қаралардан бөлек, зейнеткерлердің де жалпықалалық сенбілікке қатысуы, жастарды еңбексүйгіштікке баулуға үндейді.
 
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» бағдарламасының тақырыбы да осы мәселе төңірегінде болмақ.

Хабарламаларға жазылу