![Екатерина Ларионова - Азия чемпионатының қола жүлдегері](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36401.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Батысқазақстандық палуан қыз Екатерина Ларионова Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қола жүлде үшін бәсекеде ол 63 келі салмақта вьетнамдық Ли Тхи Хьенді жеңді.
Екатерина - ересектер арасында Венгрияда өткен 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, ол кадеттер арасында Азия, Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы.
Спортшының айтуынша, оның ендігі мақсаты - 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғау.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екатерина Ларионова - Азия чемпионатының қола жүлдегері&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85941/)