![«KazSat-3» қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36409.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:25-те «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңынан «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Луч-5В» және «KazSat-3» коммуникациялық ғарыш аппараттары бар «Протон-М» ғарыш зымыраны сәтті ұшырылды.
Бұл туралы Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«KazSat-3» ұлттық геостационарлық спутнигі телевизиялық хабар тарату, тиянақталған байланыс, интернет және деректерді берудің қазақстандық нарығының мүмкіндіктерін арттыруға арналған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«KazSat-3» қазақстандық спутнигі сәтті ұшырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/85949/)