![Павлодар облысында 800 гектар алқап отқа оранды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36487.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодар облысында далалы алқапта өрт шығып, 800 гектар жер отқа оранды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Павлодар облысы Ертіс ауданының Шұбарат ауылында 1 мамыр күні 16:45-те басталған өрт сол күні 23:17-де толық өшірілді» делінген хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстарына Павлодар облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмылдырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында 800 гектар алқап отқа оранды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86027/)