![Алматы облысында жоғалған мектеп оқушылары іздестірілуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36489.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы облысында жоғалған мектеп оқушылары іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 14 жастағы Айдана Көжебаева мен оның 15 жастағы құрбысы Нарғыз Жолдасбаева 29 сәуір күні жоғалып кеткен.
Олар Талдықорған орта мектебінде 8 және 9 сыныпта оқиды. Екеуін соңғы рет балалар емханасынанан көрген.
Қазіргі таңда жоғалған екі оқушыны ата-аналары, достары және полиция қызметкерлері іздестіру үстінде. Олар оқушылардың суреттерін қала көшелеріне ілді. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына интернет қолданушылары да қолұшын созып отыр.
«Қазіргі сәтте тәжірибелі қылмыстық іздеу қызметкерлерінен арнайы топ жасақталды. Полицейлер іздеу жұмыстарын жалғастыруда», деді Талдықорған қаласының ІІБ басшысы Ерлан Сансызбай.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында жоғалған мектеп оқушылары іздестірілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86029/)