![Әлемдегі озық 30 ел: Канада](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76122.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы әлемдегі ең дамыған 30 ел туралы ақпарат беруді жалғастырады.
Канада халқының әл-ауқаты жағынан әлемдегі ең алдыңғы 7 елдің бірі саналады. Әлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа кіреді.
Елдің экономикалық секторын үлкен жетістікке жеткізіп отырған - тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары.
Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алады.
Қазақстан бұл елмен Тәуелсіздік алған жылдардан бастап байланыста.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемдегі озық 30 ел: Канада&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8608/)