![Еліміздегі кәсіпкерлердің әрбір екіншісі – әйел](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76124.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұндай мәлімет Астанада өтіп жатқан іскер әйелдер кеңесінің І конгресінде айтылды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға еліміздің барлық өңіріндегі іскер қыз-келіншектер қатысты.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының бастамасымен жүргізіліп отырған бағдарламалардың қай-қайсысын да әйелдердің қатысуынсыз іске асыру мүмкін еместігін айтып, олардың алдына бірқатар міндет қойды.
Ел бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,5 пайызын осы қыз-келіншектер басқарады. Өткен жылы іскер азаматшалар мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіпті.
Жиында кәсіпкер әйелдердің іскерлік әріптестігін республикалық және өңірлік деңгейде одан әрі дамыту жолдары талқыланды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздегі кәсіпкерлердің әрбір екіншісі – әйел&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8611/)