![Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36570.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында «Черноводье-Бадам» теміржол тармағының 3264-ші шақырымында Шу-Арыс станциясы арасында қатынайтын №2901 жүк пойызының 29 жүк тиелген вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат
29 вагонның 8-не күкірт қышқылы цистерналары, 17 вагонда құрылыс материалдары, 1 вагонға астық тиелген, сондай-ақ, 2 контейнер вагоны, 1 вагон-термос болған. 150 метр теміржол рельсі және 4 байланыс желісінің тіректері бүлінген.
Төтенше жағдайды жоюға 240 адам, 22 бірлік техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Қазақстан облысында пойыз рельстен шығып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86110/)