![Қазақстан UEFA-ның fair play рейтингінде 37-орынға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан UEFA -ның fair play рейтингінде 37-орынға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рейтинг қазақстандық футбол командалары мен құрамаларының 2013 жылдың 1 мамыры мен 2014 жылдың 30 сәуірі аралығындағы матчтарының қорытындысы бойынша жасалған.
І орында 8233 балмен – Норвегия, ІІ орында - Швеция (8198), ІІІ орында - Финляндия (8196). Бұл елдер UEFA Еуропа Лигасының 2014-2015 жылғы бірінші іріктеу кезеңіндегі ойынынына қосымша жолдама алды.
Айта кетейік, Қазақстан 8-мамырда жарияланған Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) рейтингінде 118-орында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан UEFA-ның fair play рейтингінде 37-орынға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86184/)