![Әлем Кубогының кезеңінде Денис Кузин сынға түседі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36664.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Голландияның Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының соңғы кезеңі өтеді.
Ерлер арасындағы «А» дивизионында екінші бағдарламада - 1000 метрлік қашықтық. Бұл бәсекеге 18 спортшы қатысады.
Қазақстандық Денис Кузин жетінші айналымда канадалық Денни Моррисонмен қатар жүгіреді.
Херенвендегі Әлем Кубогы кезеңін «KAZsport» телеарнасынан 21:00-де тікелей эфирде көруге болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлем Кубогының кезеңінде Денис Кузин сынға түседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86204/)