![Қытай: Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 30 адам зардап шекті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36708.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қытайдағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 30 адам зардап шекті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Зардап шеккендердің ішінде кемінде 10 қарсылық білдіруші мен 20 полицей бар.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Ханчжоу қаласындағы қақтығыстар қоқыстарды жағатын зауыт құрылысы жоспарына қарсы митингі кезінде болған.
Акция кезінде 30-дан астам машина төңкеріліп, шерушілер екі полицей машинасын жағып жіберген.
Қарсылық білдірушілердің пікірінше, қоқыс жағатын зауыт қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытай: Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 30 адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86248/)