![Астаналықтар тіркелмеген қаруларын өз еркімен тапсыра алады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36803.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жалғасуда. Шара барысында елордалық полицейлер рұқсат қағаздарының мерзімі өткен азаматтық қару иелерін анықтауда.
Қазіргі уақытта 10-нан артық атыс қаруы және 450-ден астам оқ-дәрі тапсырылған.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің бапспасөз қызметінен хабарланды.
Еске салайық, тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Ерікті түрде тапсырылған атыс қаруларын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды қабылдау, оны рәсімдеу қалалық және аудандық Ішкі істер органдарында азаматтың жазбаша арызының негізінде жүзеге асырылады. Атыс қаруын өз еркімен тапсырған азаматтарға мемлекеттен әр қару бірлігіне 10-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төленеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналықтар тіркелмеген қаруларын өз еркімен тапсыра алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86343/)