![Нұрғиса Тілендиевтің тұрған пәтері мұражайға айналды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36896.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда қазақтың классик композиторы Нұрғиса Тілендиевтің пәтерінде мұражай ашылды. Салтанатты шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысты.
Қала басшысы биыл 90 жылдығы тойланатын композитордың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз екендігін атап өтті.
«Алматыдағы көшелердің бірі Нұрғиса Тілендиевтің атында. Өткен жылы ол кісінің атындағы ескерткішті аштық. Осы мұражайдың ашылуы талантты еске алудағы кешенді шаралардың дәстүрлі жалғасы болмақ», - деді әкім.

Келушілер қолжазба партитурасын, кезінде композиторға анасы сыйлаған антикварлық күйсандықты тыңдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрғиса Тілендиевтің тұрған пәтері мұражайға айналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86436/)