![Дәурен Сейітжан «Әскери әндер» радиофестиваліне жаңа ән ұсынды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36920.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әскери шерулерде тек махаббат туралы әндер айтылады, сонда бізде әскери-патриоттық әндер жоқ па деген пікірді жиі естіп жатамыз. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Қазақ радиосы «Әскери әндер» радиофестивалін өткізіп жатыр.
Бүгінге дейін 30-дан аса ән қабылданған. Соның бірі - әнші Дәурен Сейітжан орындайтын «Сарбаздар» әні.
«Қазағымыздың әскери-патриоттық әндерін насихаттау мақсатында осы байқауға қатысуға ниет білдірдік. Жобадан соң үздік әндер іріктеліп, оны сарбаздарымыз орындап жүрсе, біз үшін үлкен мәртебе»,-дейді әнші.
«Сарбаздар» әнінің сөзін – Еділ Анықбай, әуенін – Халық Ризабек жазыпты. Бұл ән Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың рухын көтеріп, елін, жерін сүюге үндейді.
Ән туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәурен Сейітжан «Әскери әндер» радиофестиваліне жаңа ән ұсынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86460/)