![Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінде 5 медаль олжалады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_36961.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан дзюдошылары Польшаның Бьелско-Бьяла қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан 5 медаль олжалады. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы хабарлайды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.
«Қазақстан Еуропа кубогі жолындағы жарыстың алғашқы күнінде 5 медаль жеңіп алды. Алтын медаль Ақмарал Науатбек (40 келі) пен Мадияр Сембаевтың (66 келі) еншісінде. Қола медаль иегерлері - Мағжан Шамшадин (55 келі), Гүлдана Мұрат (44 келі) пен Анар Асылханова (52 келі)», - делінген хабарламада.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінде 5 медаль олжалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86501/)