![Бокс. Шүменов пен Хопкинс чемпиондық атаққа таласады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37022.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Вашингтонда өтетін бокс кешінің қатысушылары ашық жаттығуларын өткізді. Бұл кештегі басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша суперчемпион, 30 жастағы қазақстандық Бейбіт Шүменов (14-1, 9 КО) пен IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, 49 жастағы америкалық Бернард Хопкинс (54-6-2, 32 КО) жұдырықтасады.
Жекпе-жекті тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты – 20 сәуір, жексенбі, сағат таңғы - 07:00 (Астана уақыты). Ал «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сол күні 12:10-да қайталайды.
«Карьерамды жалғастыру үшін бұл жекпе-жектің маңызы зор. Шүменов мені жеңу арқылы, атын шығаруды қалайды. Жастардың барлығы мені жеңіп, атақты чемпион болуды ойлайды. Бірақ бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді Хопкинс.
«Мен өзімді керемет сезінемін. Көп жаттығу атқарылды. Бір де бір жаттығуды босқа жіберген жоқпын. Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің ең үздік боксшысы екенімді көрсеткім келеді», - деп атап өтті Бейбіт Шүменов.
Фото: boxingscene.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бокс. Шүменов пен Хопкинс чемпиондық атаққа таласады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86562/)