![Қазгидромет: 20 сәуірге арналған ауа райы болжамы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37033.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның басым бөлігінде 20 сәуір күні ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігі мен шығысында ауа рай тұрақсыз, кей жерлерде күн райы жауын-шашынды болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, екпіні 18-23 м/с -қа дейін барады. Ал Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с болып, найзағай ойнайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет: 20 сәуірге арналған ауа райы болжамы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86573/)