![Футболдан Әлем чемпионатының уақыты өзгеруі мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37037.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Германия футбол одағаның президенті Вольфганг Нирсбах 2022 жылдың жазында Катарда өтетін Әлем чемпионатын 2023 жылдың қысына ауыстыруды ұсынды.
Бұған дейін, ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке 2022 жылғы әлем біріншілігі маусым-шілде аралағында өткізілмейтінін мәлімдеген болатын. Өйткені, бұл кезеңде Катарда күн 40 градусқа дейін ыстық болады.
«Егер футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың қысында өткізілсе, онда ол Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан да ФИФА басшылығы турнирді 2023 жылдың қысында өткізу мүмкіндігін қарастыруы тиіс», - дейді Нирсбах.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Футболдан Әлем чемпионатының уақыты өзгеруі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86577/)