![Бүгін - VII Астана экономикалық форумы басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37064.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және Келісім сарайында VII Астана экономикалық форумы басталады.
Астана экономикалық форумы – әлемнің ең ірі халықаралық форумдарының бірі. Жаһандық жиынға әлемнің 150 елінен 10 000-нан астам қатысушы келеді.
2008 жылдан бастап, АЭФ қазіргі заманның басты экономикалық және әлеуметтік проблемаларымен күресудің жолдарын іздестіру үшін жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін жинайды.
Форум аясында 70-ке жуық шара өтеді. Экономикалық форум барысында дағдарысқа қарсы II Дүниежүзілік конференция ұйымдастырылады. Сондай-ақ, елімізде өтетін EXPO-2017халықаралық көрмесін насихаттау жұмыстары жүргізілмек.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - VII Астана экономикалық форумы басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86604/)