![Алматы метросы жұмыс уақытын өзгертті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37078.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы метросы бұдан былай 10 минутқа ерте ашылатын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Метрополитен» МКК Айгүл Ешмағанбетова айтты. Оның айтуынша, бірінші пойыз 6.20-да келетін болады.
Уақыттың өзгеруіне себепші болған, жолаушының метрополитен сайтына жазған өтініші.
«Жолаушы 6.30-да метроға кірген соң, билет алып, жүрдек баспалдақпен түскенше біраз уақытын жоғалтып, 6.34-те аттанатын пойыздан үнемі кешігіп қалатынын жеткізген еді. Ол кісінің өтінішіне орай біз метроның ашылу уақытын өзгерттік. Енді жолаушылар метроға асықпай келіп, пойыздарына асықпай жайғаса алады», - деді А.Ешмағанбетова.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы метросы жұмыс уақытын өзгертті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86618/)