![Елордада «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37089.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі транзиттік-көлік әлеуеті бойынша «ТрансЕуразия-2014» IX Халықаралық конференциясы шеңберінде «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесін өткізеді.
Биыл іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Литва, Эстония, Беларусь Республикасы және Украинадан 91 компания қатысады.
«Транзит Қазақстан-2014» көрмесі - Орталық Азия аймағының көліктік, логистикалық және машина құрастыру салаларындағы басты оқиға. Дәстүр бойынша көрме алаңында көлік индустриясының соңғы жетістіктері көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Транзит Қазақстан-2014» Халықаралық көрмесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86629/)