![Қазақ радиосы Астанадағы мектеп оқушылары арасында радиобайқау өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37132.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Ерлік ұрпаққа ұран». Осындай атаумен Қазақ радиосы Астанадағы мектеп оқушылары арасында радиобайқау өткізді. Қала бойынша сайысқа қазақ, орыс мектептерінен Жеңіс, отансүйгіштік тақырыбында жалпы саны 100-ден астам шығарма келіп түсті.
Жүзден жүйрік шыққан таңдаулы 10 шығарма алдағы уақытта www.kazradio.kz сайтына еңгізіліп, Қазақ радиосының әуе толқынынан берілетін болады.
Ал, бүгін елордада осы шығарма авторлары марапатталды. Мақсаты – Отан үшін от кешкен батыр бабаларымызды ұлықтау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараға мұрындық болған «Жеті ойыншық» құрастырмалы ұлттық балалар ойыншықтарының авторы Сәкен Болысов: «Шараның келешек ұрпаққа берер пайдасы мол», - дейді.
«Әр баланың шығармасында үлкен ой жатыр. Осыны көре отырып, болашағымыздың жарқын болатынына кәміл сенемін», - деп атап өтті Сәкен Болысов.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ радиосы Астанадағы мектеп оқушылары арасында радиобайқау өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86672/)