Ресей Қырымға 70 миллиард рубль шамасында қаржы жұмсады. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев «Ресей» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Ресейге қосылғаннан бері Қырымға 55 миллиард, сосын 13 миллиард рубль қаржы бөлдік, яғни 70 миллирад рубль мөлшеріндегі қаражат өңірдің тыныс-тіршілігін қалпына келтіруге бөлініп отыр», - деді Медведев.
«Қырымға қаражат біздің ішкі резервтердің есебінен аударылуда. Ал, белгілі бір аумақты қаржыландыруға бөлінген ақша басқа бағытқа жұмсалған жоқ», - деп мәлімдеді Д.Медведев.
Айта кетейік, сәуір айында халқымен телеарна арқылы тікелей байланысқа шыққан РФ президенті В.Путин 2014 жылы Қырымға 100 миллиард рубль қаржы жұмсалады деп мәлімдеген болатын.
|