«Севол» кемесінің иесі туралы ақпарат бергендерге 500 мың АҚШ доллары ұсынылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Севол» кемесінің иесі туралы ақпарат бергендерге 500 мың АҚШ доллары ұсынылмақ

26.05.2014
«Севол» кемесінің иесі туралы ақпарат бергендерге 500 мың АҚШ доллары ұсынылмақ
Оңтүстік Корея билігі сәуір айында батып кеткен паром тиесілі кәсіпкер Ю Бен Ынды табуға көмектесетін ақпарат үшін 500 мың АҚШ долларын ұсынып отыр. Бұл туралы «The New York Times»-қа сілтеме жасап,  ҚазАқпарат хабарлады.
 
Прокуратура Ю Бен Ын мен ол басшылық ететін компанияның паромды жөндеуге шығынды төлемеуі осы апатқа әкелді деп санайды. Сонымен бірге, оны ақша жымқырып, пара алды және салық төлеуден жалтарды деп айыптап отыр.
 
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында бортында 476 жолаушысы бар «Севол паромы»Оңтүстік Корея жағалауында аударылып, батып кетті. Апаттан тек 174 жолаушы ғана аман қалды.
 

Хабарламаларға жазылу