![Қанша ақшам бар екендігін білмеймін - Криштиану Роналду](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37263.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы өзінің банктік шотын бақыламайтынын мәлім етті.
«Шынымды айтсам, менде қанша ақша бар екенін білмеймін. Бастапқыда шотымда қаншасы қалғанын қарайтынмын, соңғы кездері оны тексермейтін болдым», - деген Криштиану Роналдудың сөзін келтіреді Daily Mirror.
«Кедей отбасында өскеніме қарамастан, алдыма мол пайда табу мақсатын қоймаймын», - деп атап өтті FIFA нұсқасының 2013 жылғы әлемдегі ең үздік футболшысы.
Forbes-тың бағалауынша, 2013 жылы оның табысы 3 миллион долларды құраған.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанша ақшам бар екендігін білмеймін - Криштиану Роналду&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86803/)