![Бүгін - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37284.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
«Социалистік режимнің екі үлкен күнәсін кешіруге болайды: бірі – ашаршылық, енді бірі – қуғын-сүргін», - дейді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов.
Айта кетейік, атаулы күнге орай еліміздің әр аумағында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Айталық, 28 мамырда Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Тауқымет пен тағзым» атты жиын өтті. Жиын барысында 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған дискісілерідің тұсауы кесілді. 29 мамырда Астанадағы «Іскер» бизнес орталығында ғылыми тәжірибелік конференция өтті.
Сондай-ақ, бүгін С.Сейфуллин ескерткіші алдында «Өткенге құрмет – мәңгілік міндет» жастар акциясы өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86824/)