![Алматыда 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37311.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара мақсаты - балаларға ерекше қуаныш сыйлау.
«Бүгін 7-12 жас аралығындағы балалар ешбір қорықпастан әуе шарымен көкке көтерілді. Тіпті 5 жастағы балалар да ұшуға ниет білдірді. Оларға да рұқсат бердік. Бұл балаларға ерекше әсер сыйлады. Одан басқа, біз саябақта 4 жасқа дейінгі балаларға арнап, алып батут орнаттық», - дейді шараны ұйымдастырушы «Қазпошта» АҚ баспасөз хатшысы Людмила Шустова.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 200-ден астам бала әуе шарымен аспанға көтерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86851/)