![Қазақстанда ҰБТ басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37317.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биылғы жылы ҰБТ-ға қатысуға 92077 мектеп бітіруші тілек білдірген.
Ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72 пайызын құрайды. Оның ішінде 63603 түлек - қазақ тілінде тапсырса, 28474 мектеп бітіруші - орыс тілінде тапсырады. Елордалық түлектер үшін тестілеу өткізу 2, 4 және 6 маусым күндеріне белгіленді.
Ал, ҰБТ тапсыру жүйесінде биыл өзгеріс болған жоқ. Оқушыларға сұрақтарға жауап беру үшін 3,5 сағат уақыт бөлінеді. Белгіленген межелік өту балы - 50 балл, ал, Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70 балл жинау қажет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда ҰБТ басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86857/)