![Головкин – Гил жекпе-жегінің билеті бүгіннен бастап сатылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37389.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил жекпе-жегінің билеттері Madison Square Garden аренасының кассаларында бүгіннен бастап сатылады.
Сонымен қатар, Ticketmaster кассалары мен www.ticketmaster.com және www.thegarden.com сайттарында онлайн-сатылым ашылады. Ең арзан билет – 25 доллар. Ал ең қымбаты – 500 доллар.
Айта кетейік, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йоркте өтеді. 20 мың адамға арналған Madison Square Garden аренасынан HBO телеарнасы көрсетілім жасайды.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой шаршы алаңдағы 30-шы жекпе-жегін өткізбек. WBA суперчемпионы бұған дейін өткізген 29 жекпе-жектің 26-ын мерзімінен бұрын аяқтаған.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин – Гил жекпе-жегінің билеті бүгіннен бастап сатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86929/)