![Астанада «Қалалар айқасы» халықаралық әзіл-сықақ фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37418.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана күні мерекесі аясында алғаш рет «Қалалар айқасы» әзіл-сықақ фестивалі өтеді. Фестиваль Бейбітшілік және келісім сарайында 7 шілде күні сағат 19:00-де басталады.
Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында Қазақстан мен Ресейдің танымал телевизиялық жобалары көрсетіледі. Фестиваль бағдарламасына әзіл-сықақ бағдарламаларының көшбасында тұрған «Мәссаған» жобасы, «Лица столицы», «KZландия» скетч шоуы енгізілген.
Сонымен бірге, «Наша Rusia», «Comedy Club» тележобаларының авторы «Comedy Club» айтулы мүшесі - «Семен Слепаков», КТК ойындары атынан «Нарты из Абхазии» думанды тобы қатысады.
«Қалалар айқасы» жобасының жүргізушілері - КТК жоғары лигасының чемпионы Эндрю Нджогу (Мәскеу) және Дәуіт Шайхисламов.
Шара қорытындысы бойынша «Қалалар айқасы» халықаралық жекпе-жегінің жеңімпазы анықталып, үздіктерге естелік сыйлықтар табысталады. |
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Қалалар айқасы» халықаралық әзіл-сықақ фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86958/)