![Астанада Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37443.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
11-13 маусым аралығында Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайында V «Astana Mining & Metallurgy Congress» Халықаралық конгресі өтеді.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің ұйымдастыруымен өтетін шараның басты тақырыбы – «Жаңғырту - әлемдік нарық тұрақсыздығы жағдайында тау-кен метталургия кешенін дамытудың негізгі факторы».
Жыл сайын өтетін салалық шараға биыл әлемнің 27 елінен өкілдер келеді. Шара аясында мамандандырылған көрме өткізіліп, оған 50-ден астам компания өкілдері қатысады.
Конгрестің салтанатты ашылуы және жалпы отырыс 13-маусымға жоспарланған.
Оған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Вирджиния көмір және энергетика саласындағы зерттеулер орталығының (АҚШ) директоры Микаэль Кармис, Халықаралық геология ғылымдары одағының (Германия) президенті Роланд Оберхенсли, «IBRAM» бразилиялық тау-кен қауымдастығының президенті Жозе Фернандо Коура, «Pricewaterhousecoopers» компаниясының Еуразия өңірі елдеріндегі басқарушы серіктесі Альпер Акдениз қатысады.
Сондай-ақ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Раудың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Конгрестің бас демеушісі - «Қазмырыш» компаниясы.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86983/)