![«Джиро д Италия» бәйгесінің қола жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37455.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Джиро д' Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару Қазақстанға келеді,-деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.
Фабио Ару 19 маусым күні Астана қаласында болып «Астана» велоклубының бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен,
Қазақстанның велоспорт федерациясымен, сондай-ақ, «Astanafans» мүшелерімен кездеседі деп жоспарлануда. Ал, 20 маусым күні Алматы қаласына жолға шығады.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Джиро д Италия» бәйгесінің қола жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/86995/)