![Адам қандай жағдайда тез қартаяды?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37504.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Адамның үнемі қобалжуда болуы ағзаның қартаю процесін тездетеді. Мұндай болжамды медицина қызметкерлері айтып отыр, деп жазады Росбалт.
Америкалық ғалымдар қобалжу жағдайы мен ағзадағы жасушалардың арасындағы өзара қарым-қатынас нәтижесін алу мақсатында зерттеу жүргізген. Оған 42-69 жас аралығындағы 5000 әйел адам қатысқан.
Қатысушыларға өздерінің неден қорқатынын көрсететін сұрақтар сауалнамасын толтыру қажет болған.
Анықталған өзара байланыс былай түсіндіріледі: жасуша деңгейіндегі қобалжу жағдайы белгілі бір зақым әкеліп, оның дамуына негіз болады. Сол себепті жасушалар тез қалпына келмей, адам тез қартая бастайды.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Адам қандай жағдайда тез қартаяды?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87044/)