Қызылордалық спортшылар таэквондодан Федерация Кубогының иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық спортшылар таэквондодан Федерация Кубогының иегері атанды

15.06.2014
Қызылордалық спортшылар таэквондодан Федерация Кубогының иегері атанды
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Федерация Кубогы» ойындарында Қызылорда облысының құрамасы  командалық есепте І орынды иеленіп, 1 миллион  теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды.
 
Команда құрамында 54 келіде Дархан Садықов 63 келіде Ербол Бейсенбай, 72 келіде Асылбек Абзалов, 87 келіде Сергей Пак  және 84 келіде Бағдат Әбдірахманов  бақ сынады.
 
Екінші орынды - Ақтөбе облысының командасы иеленсе, үшінші орында - Атырау облысының спортшылары.
 
Жекелей есепте 49 келіде Жазира Сапарбек «алтын» алса, 46 келіде көкшоқылық Гүлмарал Ибрагимова «қола» жүлдені еншіледі.
 
Жарысқа барлығы   250 спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу