![Елордада «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37535.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қала күнін мерекелеу аясында 5-7 шілдеде Астанада «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» қалалық отбасылық фестивалі өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Шуақты қала» отбасылық фестивалінің ерекшелігі -аумақ барлық жас шамасындағы адамдардың қызығушылықтары ескерілген 16 алаңға бөлінеді.
Фестиваль бағдарламасына ересектерге арналған спорттық, ойын-сауықтық шаралар, қонақтарға арналған байқаулар енгізіледі. Ал, балалар алаңдарында би, көркемөнер сайысы, қолданбалы өнер түрінен шеберлік сағаттары өткізіледі.
«Шуақты қала» фестивалінің негізгі міндеті -отбасылық демалысты жандандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
«Шеберлер қаласы» алаңында қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары қойылады. Сондай-ақ, суретшілер қатысушылардың портреттерін салады. Сонымен қатар, «Менің Астанам» картинасының нобайы келтірілген үлкен стенд орнатылады. Онда кез келген қонақ картинаның бөліктерін бояй алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Шуақты қала» отбасылық фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87075/)