![Интернет кеңістігі ұлттық дәстүрді ұлықтайтын сайтпен толықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37551.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты насихаттайтын ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының www.dasturkb.kz сайты ашылды.
Енді журналда жарық көрген халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі, наным-сенімдері төңірегіндегі сыр шерткен ойлы, ғылыми мақалаларды, құнды пікірлерді ғаламтордан оқуға болады.
«Дәстүр» журналының мақсат-мүддесі – ұмыт қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-тыйымдарды жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бабалар салған қасиетті жолды қайта жаңғырту, ел ішінде жан-жақты насихаттау.
Сайт салт-дәстүр, тұлға, қолөнер, жәдігер, салт-дәстүр жырының антологиясы т.б айдарларымен қамтылған.
Сайттың ұйымдастырушысы әрі бас редакторы - Қазақ Ұлттық салт-дәстүр академиясының академигі, ақын Қасымхан Бегманов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Интернет кеңістігі ұлттық дәстүрді ұлықтайтын сайтпен толықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87091/)