![«Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында байқау жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37564.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында байқау жарияланды. Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
16 маусымда басталған «Өзіңнен баста» республикалық әлеуметтік маңызды идеялар мен жобалар байқауы 16 шілдеге дейін жалғасады.
Байқаудың мақсаты - «Болашақ» бағдарламасы стипендианттарының әлеуметтік маңызды идеяларын, жобаларын қолдау. Жобалар өмір сапасының стандарттарын жетілдіруге, озық технологиялардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне трансферттелуіне бағытталуы тиіс.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында байқау жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87104/)