ҰБТ-дан аз балл жинағандарға солтүстік, шығыс және батыс облыстарда оқу гранттары бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-дан аз балл жинағандарға солтүстік, шығыс және батыс облыстарда оқу гранттары бөлінеді

18.06.2014
ҰБТ-дан аз балл жинағандарға солтүстік, шығыс және батыс облыстарда оқу гранттары бөлінеді
Қазақстанда «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастады.
 
Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығының баспасөз мәслихатында «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов мәлімдеді.
 
Жаңа жоба оңтүстік облыстардың жастарын еліміздің солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында білім алуына мүмкіндік береді.
 
«Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде демографиялық көрсеткіш жоғары, алайда, жұмыс орындары тапшы. Павлодар, Шығыс Қазақстан сияқты аймақтарда керісінше, зауыт, фабрикалар көптеп салынып жатқанмен, кадр жетіспейді. Бағдарлама осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді», - дейді Мұрат Әбенов.
 
Бұл мақсатта 7 ЖОО үшін - 1000, 23 колледж үшін 1000 грант бөлінген. ҰБТ-да төмен ұпай жинап, тегін оқу мүмкіншілігінен айырылған талапкерлер 22-шілдеге дейін Қызылорда қаласына келіп, тиісті құжаттарын өткізіп, жолы болғандары грант иелене алады.
 
Бұл бұрын мектеп бітіріп кеткен жастарға да қатысты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
 
«Грант иегерлерінің өзі таңдаған қалаға пойызбен қатынауы үшін жолақысы төленеді.  Одан бөлек, жатақханамен және ас-ауқатпен қамтамасыз етіледі. Ал оқу бітірген соң сол жақта немесе осында келіп жұмысқа орналасып кете алады», - дейді «Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасыМ.Әбенов.

 

 

Хабарламаларға жазылу