![Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» келісімшарт жасасты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37608.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
«Осы келісімнің арқасында «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулар жүйесі отандық өндіруші компанияларға қолжетімді болады.
Комиссия құрамына кірген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бақылауды күшейтеді»,- деп атап өтті Тимур Құлыбаев. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жасалған осындай ұзақмерзімдік келісімшарттардың жалпы сомасы 1 триллион теңгеге жуықтады.
«Мемлекет басшысының «Самұрық-Қазына» АҚ-на жүктеген маңызды тапсырмаларының бірі - жергілікті үлесті арттыру арқылы отандық өндірушілерге қолдау көрсету. 2010 жылы тауар, жұмыс пен қызмет түрлеріндегі қазақстандық үлес 50 пайызды құраса, 2013 жылы ол 70 пайызға дейін жоғарылады»,-деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» келісімшарт жасасты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87148/)