![Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37652.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облысының әкімі болып Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұрмұхамбет Әбдібеков 1984 жылы Мәскеу тау-кен инстиутын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдап шыққан. Техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған.
1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласты, Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтерге тағайындалған. 2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. Осы қызметке тағайындалмастан бұрын 2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі болып жұмыс істеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысы әкімі қызметін Бауыржан Әбдішев атқарды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/87192/)